2020 жылдың 20 қараша күні Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті, Түркітану және алтайстика орталығының және Б.Б.Городовиков ат. Қалмақ мемлекеттік университеті «Түркітану және монғолтану ХХІ ғасырда: өткені, бүгіні, болашағы» атты халықаралық ғылыми-тәжірбиелік конференциясы өтті.
Конференцияны БҚИТУ ғылыми жұмыс және халықаралық қатынас жөніндегі проректор х.ғ.д., профессор В. А. Бурахта және ҚалмМУ ғылым және стратегиялық даму жөніндегі проректоры б.ғ.к., доцент К. Е. Бадмаева құттықтау сөз сөйлеп, конференцияның жақсы өтуіне сәттілік тіледі. Алдағы уақытта да екі университет арасында ғылыми-тәжірбиелік қарым-қатнасты жандандыруға тілек ниеттерін білдірді.
Конференцияда қазақ, қалмақ, моңғол тілдерінің ерекшеліктері, тарихи салыстырмалы зерттеулер, лингвомәдени тұрғыдан зерттеулер бүгінгі тіл мәселесінің өзекті тақырыптарына арналған баяндамалар тыңдалды.
Халықаралық конференцияға Элиста, Орал, Астана қалаларынан тіл білімі мамандары Zoom платформасы арқылы онлайн форматта қатысты.
