Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ақпараттық қолдауымен «Вilim-orkenieti» ұлттық-инновациялық ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастыруымен ЖОО-да білім алып отырған магистранттарды қолдау мақсатында «Қазақстанның үздік магистрі және магистранты» республикалық байқауы ұйымдастырылып, нәтижесінде университетіміздің «Тарих» мамандығын 2019 жылы бітірген түлек  Надия Жастілек жеңімпаз атанды.

200-ден аса магистрлер мен магистранттар қатысқан республикалық байқауда, қазіргі таңда Абай атындағы ҚазҰПУ Тарих және құқық институтының «7M01601 Цифрлық тарих: тарихты оқытудағы технологиялар» мамандығының 2-ші курсында магистратурада оқып жатқан түлегіміз Надия Жастілек «Қазақстанның үздік магистранты» атанып, І-дәрежелі диплом мен төсбелгіні иеленді.

Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті ұжымы Надия Жастілекті жеңісімен құттықтап, шығармашылық табыстар тілейді!  

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz