2022 жылдың 31 наурызында Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің ОП 6В11301 “Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру”,6В04203 «Тасымалдауды, қозғалысты және көлікті пайдалануды құқықтық реттеу», 6В07302 “Құрылыс” мамандықтарының профессорлық оқытушылар құрамы “Жоспарлау және жобалау кезінде жол қозғалысы қауіпсіздігі мәселелеріне кешенді көзқарас” тақырыбында семинар-тренингке қатысты. БҚО қауіпсіз жолдары” жобасы аясында 2019 жылдан бастап БҚО әкімдігімен және Шелл Қазақстан, Эни және EASST компанияларымен меморандумдарға сәйкес жүзеге асырылуда. Семинар-тренинг жұмысына белсенді қатысқаны үшін оқытушылар: Жазықбаева Г. М., Қажияхметова А. А., Омаров А. Н., Сарсенова А. Ж., Аралбеков Г. Б., Беккалиев Н. М., Максотова А. Б. қатысушылар сертификаттарымен марапатталды.

