2017 жылдың 25-29 қыркүйек аралығында Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті, педагогикалық факультеті «Тарих және ӘГП» кафедрасының 1-4 курс студенттеріне белгілі алаштанушы ғалым, Ресей жаратылыстану ғылымдары академиясының корреспондент-мүшесі, т.ғ.д., профессор Аманжолова Дина Ахметжанқызы
«ХХ ғ. басындағы Қазақстан және Алаш қозғалысы» тақырыбында дәріс оқыды.
Дәріс сабағында Ресей Федерациясының мұрағаттарында сақталған, қазақ тарихшыларының қолдары жете бермейтін, ғылыми ортаға таныстырылмаған деректермен таныстырды. Студенттер дәріс сабағына белсене қатысып, сұрақтар қойып, пікір алмасып отырды.
28 қыркүйек күні «Тарихты оқытудың қазіргі мәселелері» (Ресей – Қазақстан) тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелге 40-қа жуықОрал қаласының жалпы орта білім беретін мектептерінен тарих пәні мұғалімдері, «Тарих және ӘГП» кафедрасының оқытушылары мен студенттері қатысты. Дөңгелек үстел барысында т.ғ.д., профессор Дина Ахметжанқызы Ресей Федерациясының оқыту жүйесіне, тарихты оқыту мәселелеріне тоқталды. Өз кезегінде мектеп ұстаздары ҚР білім беру жүйесі соның ішінде тарихты оқытудың жаңа әдістеріне қатысты мәселелерді талқылап, тәжірибе алмасты. Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша қатысқан оқытушыларға сертификаттар табыс етілді.


