2016 жылдың 12 қарашасында «Сбербанк» АҚ 175 жылдығын атап өтті. 1841 жылы алғаш Ресейде банктің ісі қолға алына бастады. Бүгінгі таңда Сбербанк – еуропа мен азиядағы ірі кредиттік банктың бірі. 2006 жылы Қазақстанда Сбербанк АҚ филиалы ашылды. Қазіргі уақытта оның Қазақстан аумағында 16 филиалы болса, соның бірі Орал қаласында.
«Сбербанк» АҚ қаламыздағы филиалының мерейтойына байланысты ЖОО студенттері арасында үздік банк қызметкерлеріне байқау жариялаған болатын. Бұл байқауға педагогикалық факультеті «Қаржы» мамандығының 7 студенті эссе, слайд, мақала, іскерлік ойындарын ұсына отырып, дөңгелек үстелге қатысты. Байқауда қаламыздың ЖОО мен колледж студенттері бақ сынады. Бұл жарыста біздің студенттердің жеңімпаз атануы оқытушылар ұжымы мен студенттер үшін қуантарлық жағдай болды. 10 қараша күні Қазақстан халықтары ассамблеясында қала қонақтарының қатысуымен Сбербанктың 175 жылдығына орай мерекелік шара ұйымдастырылды. Байқау жеңімпазы «Қаржы» мамандығының 3 курс студенті Жаслан Утешов Сбербанктың мерейтойы құрметіне арнау оқыса, осы мамандықтың 2-3 курс студенттетері Динара Нургумашева мен Юсубов Заур «Сбербанкта өткен бір күн студенттердің көзімен» атты ролик көрсетті.
Барлық жеңімпаздарға «Сбербанк» АҚ атынан бағалы сыйлықтар табыс етілді. Атап айтар болсақ, «Қаржы» мамандығының студенттері Жаслан Утешов «Сбербанк» АҚ атынан құрмет грамотасы мен «Технодом» сауда үйі сертификатқа, Динара Нургумашева мен Заур Юсубов «Технодом» сауда үйінің сертификатымен қоса, «Сбербанк» АҚ атынан тегін тағылымдамадан өтуге жолдама алды.
Студенттерімізді жетістіктерімен құттықтай отырып, алдағы уақытта тек сәттілік тілейміз.



