БҚИТУ педагогикалық факультеті, «Жаратылыстану-ғылыми пәндері» кафедрасының «Дене шынықтыру және спорт» мамандығында нағыз мықты спортшыларымыз тәлім алуда. Бұл мамандық студенттері олимпиаданың бірнеше мәрте қатысушылары және көптеген халықаралық жарыстардың жеңімпаздары. «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының 3 курс студенті Иргалиев Арман 2016 жылдың қазан айында 90 кг салмақта жастар арасындағы халықаралық турнирде дзюдодан Азия кубогының алтын жүлдесін жеңіп алды.

%d0%b8%d1%80%d2%93%d0%b0%d0%bb%d0%b8%d0%b5%d0%b2-%d0%b0%d1%80%d0%bc%d0%b0%d0%bd-%d1%81%d0%b0%d0%b9%d1%8b%d0%bd%d2%b1%d0%bb%d1%8b

2016 жылдың 23-25 қыркүйек күндері Румыния елінде жыл сайынғы халықаралық «Danubia Open» сериясы бойынша жарыс өтті. Бұл жарыста спорттың шорт-трек сайысы бойынша 8 елдің спортшылары қатысты. Еліміздің атынан қатысқан спортшыларымыз: Шамуханов Еркебулан (Атырау облысы),  Ребик Евгений (Атырау облысы),  Галиахметов Адиль (Батыс Қазақстан облысы) және  Бейсеев Нурлыбек (Оңтүстік Қазақстан облысы).

%d0%b3%d0%b0%d0%bb%d0%b8%d0%b0%d1%85%d0%bc%d0%b5%d1%82%d0%be%d0%b2-%d0%b0%d0%b4%d0%b8%d0%bb%d1%8c

3000 м эстафета жарысында еліміздің атынан сынға түскен спортшымыз Галиахметов Адиль алтын жүлдені қанжығасына байлады. Осы жерде спортшы-студентіміздің бірнеше мәрте ҚР чемпионатының жүлдегері болғанын айтуға болады.

%d0%b6%d1%83%d0%bc%d0%b0%d0%b3%d0%b0%d0%bb%d0%b8%d0%b5%d0%b2%d0%b0-%d0%bd%d1%83%d1%80%d0%b6%d0%b0%d0%bd%d0%b0%d1%80%d0%ba%d0%be

2016 жылы шорт-тректен ҚР чемпионатында педагогикалық факультеттің 1 курс студенті Жумагалиева Нуржанар жүлдегер атанды.

%d0%bd%d0%b0%d0%b3%d0%b0%d0%b9-%d0%b0%d0%bd%d0%b8%d1%82%d0%b0%d0%ba%d0%be

Осы жылы Австрияның Граз қаласында өткен шорт-тректен еуропа чемпионатында факультетіміздің тағы бір студенті Анита Нагай күміс және қола жүлдені жеңіп алды.

%d0%b6%d1%83%d0%bc%d0%b0%d0%b3%d0%b0%d0%bc%d0%b1%d0%b5%d1%82%d0%be%d0%b2%d0%b0-%d0%b0%d1%81%d0%b5%d0%bb%d1%8c

 «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының 3 курс студенті Асель Жумагамбетованы да университет мақтанышы деп айтуға болады. Қазан айында Болгарияның Благоевград қаласында өткен армрестлингтен әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанды.

11-17 қыркүйек күндері Үндістан астанасы Делиде өткен Азия кубогында «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының 1 курс студенті Ноздрин Антон қола жүлде иеленді.

Университет әкімшілігі спортшыларымызды жеңістерімен құттықтай отырып, алдағы уақытта тек жеңіс тұғырынан көрініңіздер деп тілек білдіреді.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz