«Евразия-Еділ аймағы» ХК Президенттік гранттар қорының көмегімен жас кәсіпкерлер арасында бизнес-жобалар байқауы өткен еді.
Сол байқауда БҚИТУ-дың мемлекеттік және жергілікті реттеу мамандығының студенттері Әділжан Құбаев пен Эльмира Құрманова (жетекшісі – Айнагүл Төлегенова) жеңімпаз атанды. Енді олар алдағы уақытта Ресейдің Саратов қаласында өтетін тағы бір байқауда бақ сынайтын болады.
Айта кетейік, аталмыш байқаудың басты мақсаты – Ресей мен Қазақстанның шекаралас өңірлеріндегі жастардың еуразиялық интеграцияны тереңдету жағдайында жастар кәсіпкерлігін дамыту мүмкіндіктеріне қызығушылықтарын арттыруға бағытталған.
