Жуырда Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің жаратылыстану ғылыми кафедрасының меңгерушісі, аға оқытушы, биология магистрі Роза Бакесова мен аталмыш кафедраның аға оқытушысы, биология магистрі Аягөз Меңдіғалиева Алматы қаласындағы Қазақ Ұлттық аграрлық университетінде докторантураны тәмамдап, философия докторы (PhD) дәрежесін алды.
Дипломды оларға Қазақ Ұлттық аграрлық университетінің ғылыми жұмыстар және интеграция жөніндегі проректоры Александр Курдеко салтанатты түрде табыстады.