Шын жүректен көктем мерекесі – Наурыз мейрамымен құттықтаймыз!
Наурыз әрбіреумізге ойлаған мақсаттарымыздың жүзеге асуына сенімділік пен үміт сыйлайды. Бұл мейрам бірлік, толеранттылық және тұрақтылықтың белгісі ретінде 5 мың жыл бойы тойланып келеді. Наурыз мейрамы ұлты, мәдениеті, діні бойынша айырмашылықтарды мойындамайды. Біздің университетімізде әр түрлі ұлтты студенттер білім алады және біз барлығымыз үлкен тату отбасымыз, біздің ортақ құндылықтарымыз бен ортақ мақсаттарымыз бар. Біз бірге жұмыс жасаймыз, бірге оқимыз, бірге алға қойған мақсаттарға жетеміз.
Наурыз – бұл тек көктемнің мейрамы емес, өмірдің негізі – үздіксіз жаңару мен үздіксіз жақсыға сенудің дәлелі. Осы күндері біз артта қалғанның қорытындысын шығарып, жаңа жоспарлар құрамыз. Бірліктің арқасында біз көп нәрсеге қол жеткіздік. Үлкен жұмыс артта қалды, университетіміз аккредитациядан сәтті өтті, бірақ алда үлкен жоспарлар мен жаңа міндеттер тұр. Бірге біз барлығына қол жеткізе аламыз.
Сізге, сіздің жақындарыңыз бен туыстарыңызға денсаулық, бақыт, жетістік пен көркеюді тілейміз.
Барлық армандарыңыз бен күтулеріңіз орындалсын!
Ректорат
