Педагогикалық факультеті «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының 1 курс студенті Анита Нагай кешегі өткен универсиадада шорт-тректен ұлттық құрама қатарында болды. 3000 метрлік жарыс кезеңінде қыздар құрама командасы қола медальды қоржынға салды.

Педагогикалық факультеті «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының 1 курс студенті Қажғалиев Нұртілек шорт-тректен ерлер құрама командасында өнер көрсетті. Жалпы есепте 5000 метрлік эстафетада олардың командасы қола жүлдеге ие болды.

Университет әкімшілігі спортшыларымызды жеңістерімен құттықтай отырып, алдағы уақытта зор табыс тілейді.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz