Жекпе-жектен жасөспірімдер мен жастар арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионатында (85 кг салмақ дәрежесінде) 1 орын алған және медаль мен жеңімпаз дипломын алған БҚИТУ Инженерлік-технологиялық факультетінің 6В07102 – Электроэнергетика білім беру бағдарламасы бойынша 1 курс студенті Даулетияров Азаматты құттықтаймыз!
Чемпионатты ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті 2021 жылғы 8-11 сәуір аралығында Көкшетау қаласында өткізді.
Азаматқа одан әрі спорттық жетістіктер мен табысты оқу тілейміз!
