«Білім-Өркениеті» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығының директоры Ә.Б. Сатылғановтан келіп жеткен құттықтау хатта: «Құрметті Даулеткерей Гүлжауқар Мерекеқызы!  «Білім-Өркениеті»  ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу  орталығы жастар жылы аясында еліміздің  студенттері мен магистранттарын қолдау мақсатында тұңғыш ұйымдастырылып отырған «Үздік студенттер академиясы»  жобасына қатысып академияның мүшесі  болғандығыңызбен  құттықтаймыз!

  Біздің жобаға қатысу арқылы Сіз шығармашылық қабілетіңізді дамытып, Қазақстанның болашақта дамуына үлесін тигізетін көшбасшы маман болып қалыптасатыныңызға сенімдіміз.

   Сізге және Сіздің оқу орныңызға білім шыңындағы жаңа белестерді бағындыруларыңызға тілектеспіз!» деген.

   «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының  1 курс студенті Даулеткерей Гүлжауқарды БҚИТУ ұстаздары мен студенттері де шын жүректен құттықтайды! Біз сені мақтан тұтамыз.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz