22 мамыр 2018 жылы Батыс Қазақстан облысы жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының тарихы, мәдениеті туралы білімдерін жетілдіру, интеллектуалды ойлау қабілеттерін шыңдау, сөйлеу және ойды еркін жеткізу дағдыларын қалыптастыру мақсатында жоғары оқу орындарының студент жастар арасында «Атажұрт» тарихи-интеллектуалдық ойыны өткізілді. Сайыс қорытындысы бойынша Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің «Алаш» тобы жүлделі II-орынға иеленді.
Топ құрамында келесі студенттер қатысты:
- Жастілек Надия («Тарих» мамандығының 3 курс студенті),
- Айсағалиев Абай («Тарих» мамандығының 1 курс студенті),
- Акбергенова Айгерім («Қазақ тілі мен әдебиет» мамандығының 1 курс студенті).
Әкімшілік тарапынан сіздерге мықты денсаулық, жаңа жеңістер мен жетістіктер тілейміз!
