2018 жылдың 30 қазан күні Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасының іс-шаралар жоспарының шеңберінде қалалық «Ана тілі аруы» байқауы өткізілді. Байқаудың негізгі мақсаты – ата-бабаның ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа сақтап келген асыл қазынасы – туған тілімізді қастерлеп, мәртебесін көтеру және қазақ қыздарының ешкімге ұқсамайтын ғажайып қасиетін көпшілікке паш етіп, әсем мінезі мен қарым-қабілетін әр қырынан аша білулеріне негіз қалау.
Байқауға «Мария ханым» сән үйінің, «Жұлдыз PRO» модельдік студиясының директоры Куспанова Жұлдыз Казиевна, «Ақжайық» телеарнасының редакторы Көнеева Гүлжан Абайқызы, Хадиша Бөкеева атындағы қазақ драма театры жанындағы «Алтын болашақ» өнер студиясының директоры Галиева Асемгуль Төлепбергенқызы төрелік етті.
Аталмыш шараға Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің 5В050700 «Менеджмент» мамандығының 1 курс студенті Казанцева Рузалина қатысып «Көрермен көзайымы» номинация бойынша марапатталды.
Рузалинаны құттықтаймыз және шығармашылық табыс тілейміз!

