2018 жылдың 25 қазанында Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінде экономикалық мамандықтар арасында «Экономика инновациясы және модернизациясы» тақырыбындағы  XVII Республикалық Олимпиада өтті. Олимпиада ЖОО студенттерінің шығармашылық бастамаларын ынталандыру және экономика саласы бойынша мамандарды даярлаудың сапасын арттыру мақсатында өткізілді.

Олимпиаданы университет ректоры, экономика ғылымдарының докторы, профессор Габдуалиева Раушан Смадиновна ашты.

2018 жылы XVII Республикалық Олимпиадаға ірі университеттерден келген тоғыз команда қатысты.

Экономикалық мамандықтар арасындағы өткен XVII Республикалық Олимпиада қорытындысы бойынша қазылар алқасының ұжымдық шешімімен жеңімпаздары анықталды:

1 орын – «Мансап» командасы, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті

2 орын – «Жас көшбасшылар» командасы, Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті

2 орын – «Oil Kingdom» командасы, Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті

3 орын – «Қазына» командасы, М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясы

3 орын – «Unity» командасы, С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университеті

3 орын – «HEADWAY» командасы, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті

Номинациялар бойынша жеңімпаздар:

 «Ораторлық шеберлік» номинациясы – «Шамшырақ» командасы, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті

«Үздік зерттеушілер» номинациясы «Өркениеттің өрендері» командасы, Қазақстандық инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университеті.

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің командасы Республикалық Олимпиаданың Өтпелі кубогін иеленді.

Республикалық Олимпиаданың салтанатты жабылуында Ғылыми жұмыс және халықаралық қатынастар жөніндегі проректоры Вера Алексеевна барлық жеңімпаздарды құттықтап, болашақта бұл жеңістің биік белестерге апаратын жолдардың бірі екендігін атап кетті.

Ұйымдастырушы- 2017 жылдағы өткен экономикалық мамандықтар бойынша XVI Республикалық Олимпиаданың жеңімпазы «Экономика және менеджмент» кафедрасы.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz