1.11.18 халықаралық КТК күні қарсаңында тілдер және менеджмент факультетінің студенттері арасында, жыл сайынғы дәстүрге айналған «Жайдарман» ойыны өткізілді. Ойынның жалпы тақырыбы «Студенттер күні» болатын. Ойын келесі сайыстардан тұрды: Сәлемдесу;Жанбату; Ширату; Үй тапсырмасы(СТЭМ).
Ойынға барлығы 5 команда қатысып, жақсы ойын өрнегін көрсете білді. 2 сағаттан астам болған тартысты сайыстың қорытындысы бойынша, 3 орынды «Еуразия» индустриалды – экономикалық колледжінің «Достық-194» командасы, 2 орынды «Шет тілдері және аударма ісі» кафедрасының «Present Simple» командасы және жеңісті 1 орынды және жеңімпаз кубогын «Мәдени-тынығу жұмысы» мамандығының «МТЖ құрамасы» командасы алды. Сонымен қатар «Есеп және аудит» мамандығының «Шыңғысхан мен қыздар» командасы алғыс хатпен марапатталды. Ерекше актерлік шеберлігімен, тапқылығымен көзге түскен «Есеп және аудит» мамандығының 1 курс студенті Амандық Айдын
«Үздік ойыншы» атанды.




