2021 жылғы 14-15 желтоқсанда Қазан қаласында (РФ) Қазан (Еділ маңы) федералды университетінің ұйымдастыруымен «75 лет Археологическому кружку Казанского университета» атты Бүкілресейлік халықаралық ғылыми конференция өтті, Шараға Батыс- Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің «Тарих және құқық» кафедрасының доценттері, PhD докторы М.Д.Калменов және т.ғ.к. Бижанова А.Е. қатысты.
Конференция жұмысы кезінде PhD докторы Қалменов М.Д. «Жайық қалашығының материалдық мәдениеті (2012-2015 жж. жүргізілген археологиялық зерттеулердің нәтижелері бойынша») тақырыбында баяндама жасады. Баяндаманың мазмұны 2012-2015 жылдары Жайық қалашығында жүргізілген археологиялық зерттеу жұмыстары кезінде табылған жәдігерлерге талдау болды.
Конференция жұмысында қазіргі кезеңдегі археология ғылымы мен зерттеу жұмыстарының өзекті мәселелері, сонымен қатар археологияны дамытуға жас зерттеушілерді тарту мәселелері талқыланды.

