2022 жылдың 20-21 қазан аралығында Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті, Тілдер және менеджмент факультетінің Есеп және қаржы, Экономика және менеджмент кафедраларының оқытушылары, э.ғ.к., қау. профессорлары Г.Қ. Құрманова, Б.С. Суханбердина, э.ғ.м., аға оқытушы Б.Ә. Уразова И.И. Ползунов атындағы Алтай мемлекеттік техникалық университетінің базасында өткен «Экономика. Менеджмент. Туризм. Мәдениет (ЭМТК – 2022)» конференциясына қатысты.
Конференция экономика, менеджмент, туризм, әлеуметтік-мәдени өзара іс-қимыл, халықаралық ынтымақтастық саласындағы зерттеулер нәтижелерін ұсынуға және тәжірибе алмасуға бағытталған.
Конференцияға «Қаржы» білім беру бағдарламасының IV курс студенті Маштаков Никита Г.К. Құрманованың жетекшілігімен қатысты.
Конференция жұмысының қорытындысы бойынша материалдар жинағы шығарылып, ғылыми электрондық кітапхана порталына орналастырылады.
