2022 жылдың 21 қазанында Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінде Тілдер және менеджмент факультетінің ұйымдастыруымен «Қажым оқулары» аясында «Әлем мәдениеті контексіндегі білім жүйесінде жалпыадамгершілік құндылықтарды қалыптастыру мәселелері» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Алғы сөзді университет ректоры, қауымдастырылған профессор Б.Т. Шакешев алып, ғалымның қазақ қоғамындағы орнын атап өтті. Және конференцияға сәттілік тіледі.

Конференцияның мақсаты көрнекті ғалым, академик Қажым Жұмалиевтің өмірі мен шығармашылығын насихаттау, оның әдебиет тарихы, әдебиет теориясы, әдебиет сыны туралы жазған еңбектеріндегі ойларын бүгінгі күнмен байланыстыру, зерттеу.

Конференцияға университеттің профессор-оқытушы құрамы, білім алушылары мен қоса Алматы, Астана, Қызылорда қалаларының ғалымдары қатысты.

Конференцияда келесідей баяндамалар жасалды:

  1. Зинол-Ғабден Қабиұлы Бисенғали – әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы

«Ұлы ұстаз Қажым Жұмалиевтің ұлағаттары»

  1. Жамал Айтқалиқызы Манкеева – А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының профессоры, филология ғылымдарының докторы

«Қажым Жұмалиев еңбектеріндегі поэтикалық тілді зерттеу үлгісі»

  1. Алпысбай Мұсаұлы Мұсаев – Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы

«Академик Қажым Жұмалиев зерттеулеріндегі қазақ   әдебиеттану   ғылымы»

  1. Зинолла Жақсылықұлы Мүтиев – М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің қауымдастырылған профессоры, филология ғылымдарының кандидаты

«Қажым Жұмалиев әдеби өлкетану тарихында»

  1. Азамат Ыбырайұлы Мамыров – Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің қауымдастырылған профессоры, филология ғылымдарының кандидаты

«Қажым Жұмалиевтің жеке архив материалдарының зерттелу барысы»

Конференция материалдары ғылыми жинақ түрінде жарияланады.

 

Мекен-жай
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 208
    reception@wkitu.kz