Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Батыс Қазақстан инновациялық-техникалық университеті

 

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

Құрметті әріптестер!
2021 жылғы 6-9 сәуір аралығында Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған студенттер мен магистранттардың «Білім және ғылым саласындағы жастар әлеуеті: көзқарастар, бағдарлар, жетістіктер» атты XXI халықаралық ғылыми конференциясын өткізеді

Конференция барысында мынадай секциялар жоспарланып отыр:

Секция 1 Жаһандану дәуіріндегі филологиялық білім, мәдениет және оқытудың инновациялық технологиялары
Секция 2 Білім берудің ақпараттық жүйесіндегі психологиялық-педагогикалық құзыреттілектер қалыптастыру
Секция 3 Жаңа ғасырдағы Қазақстан тарихы және құқықтану мәселелері
Секция 4 Дене шынықтыру және спорттағы ақпараттық технологиялар
Секция 5 Экономика, ұйымдастыру және басқару
Секция 6 Қазақстан Республикасында бизнесті дамытудың өзекті мәселелері
Секция 7 Шет тілін оқытудағы инновациялық технологиялар
Секция 8 Техника мен технологиядағы заманауи инновациялар
Секция 9 Экология, биотехнология, ветеринария саласындағы зерттеулердің өзекті мәселелері
Секция 10 Мұнай-газ саласы мен құрылыстың қазіргі жағдайы мен даму перспективалары
Секция 11 Техникалық кадрларды даярлаудағы қоғамдық-гуманитарлық ғылымдар
Секция 12 Заң ғылымының қазіргі заманғы тенденциялары

Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс және ағылшын тілдері

Өткізу түрі: қашықтан онлайн режимінде

Конференцияның бағдарламасын дайындау үшін баяндама тақырыптарын секциялар бойынша 2021 жылдың 5 наурызына дейінe-mail: shonbaeva82@mail.ru (1-4 Секция); kabdenova.68@mail.ru (5-7 Секция); 4janek_ajar.com@mail.ru (8-11 Секция); erdibek_gulnaz@mail.ru (12 Секция) электронды пошталарына төмендегі үлгімен жолдауыңыз сұралады:

1. Повышение эффективности автомобильных дизельных двигателей совершенствованием управления объемом масла в смазочной системе
Баранов Алексей, студент II курса инженерно-технологического факультета ЗКИТУ
Научный руководитель – Биниязов А.М., доктор PhD, доцент ЗКИТУ

2. Виртуальды қарым – қатынастың психологиялық-әлеуметтік аспектілері
Сұлтанияр Қаракат, БҚИТУ педагогикалық факультетінің IV курс студенті
Ғылыми жетекшісі – Кинжекова Р.С., педагогика ғылымдарының кандидаты, БҚИТУ доценті

Конференция материалдары бойынша ғылыми мақалалар жинағы тегін шығарылады.
Мақала көлемі – 5 бет шамасы формата А4 (210х297 мм), шрифт – размері 12 кегль, Times New Roman, жол аралық интервал – 1,0. Парақтың параметрлері бар жағынан 2 см. Жаңажол – 1,25. Баяндама тақырыбы ортада бас әріптермен, қою шрифтімен жазылады; төмен бір аралықтан автордың аты-жөні, одан төмен ғылыми жетекшінің аты-жөні, оқу не жұмыс орнының атауы, қаласы, елі жазылады. Бір аралықтан соң мәтін басталады. Әдебиеттер тізімі соңында беріледі.

 

Ғылыми бөлім
Жас ғалымдар кеңесі

Ақпараттық хатты жүктеу

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz