2021 жылдың 23 қарашасында Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің педагогика факультеті «Педагогика және психология» кафедрасының оқытушысы Г.М. Умбетованың ұйымдастыруымен кафедра филиалы МКҚК №10 “Балапан” бөбекжай-балабақшасының тәрбиешілеріне арналған «Мектеп жасына дейінгі дағдарыстың психологиялық ерекшеліктері» тақырыбында дәріс өткізілді. Дәріс барысында интерактивті әдістер арқылы мектеп жасына дейінгі дағдарыстың психологиялық ерекшеліктеріне, жаңа туылу дағдарысына, 1 және 3 жас дағдарысына тоқталып, тәрбиешілерге осы жас кезеңдердегі баланың мінезіндегі психикалық ерекшеліктерді түсіндіріп, олардың алдын-алып қарым-қатынасын жақсартудың психологиялық-педагогикалық жолдары талданды. Дәріс соңы осы тақырып аясындағы мәселелерді талқылауға ұласып, тәрбиешілерге негативизм, қырсықтық, наразылық білдіретін балалармен жұмыстанудың ерекшеліктері туралы кеңес берілді.
