22 қараша 2021 жылы Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің «Құқық қорғау қызметі» білім бағдарламасының 3 курс студенттері Батыс Қазақстан Полиция Департаменті Жедел криминалистикалық басқармасында «Криминалистика бойынша практикум» пәнінен алынған теориялық білімді тәжірибемен ұштастыру мақсатында тәжірибелік сабаққа қатысты.
Жедел криминалистикалық басқарманың аға криминалисті, полиция подполковнигі А.М.Малаев басқарманың күнделікті қызмет барысымен таныстырып, ауыр және аса ауыр қылмыстар бойынша оқиға болған жерде қарап-тексеру тактикасын, «Образ++» және «Папилон» базалары арқылы адамның түр-келбеті мен саусақ және алақан іздерін салыстыру жұмыстарын жүргізу, қарулар мен оның бөлшектеріне баллистикалық сараптама жасаудың әдіс-тәсілін, патрон құрамын зерттеу және оларды идентификациялық салыстыру тәсілін, оқиға болған жерде ізді табу, алу және бекітудің тергеулік әрекеттерін студенттердің қатысуымен көрсетті.
Сабақ соңында «Тарих және құқық» кафедрасының аға оқытушылары, заң ғылымдарының магистрі Ахат Жомартұлы Габдулов пен Жайлыбаева Жанна Магазқызы, БҚО ПД Жедел-криминалистикалық басқармасы басшылығына алғыс білдірді.
