2020 жылдың 26 қарашасы күні Инженерлік-технологиялық факультетінің «Техника және технологиялар» кафедрасы (БҚИТУ) Саратов мемлекеттік техникалық университетімен (СМТУ) бірлесіп, шетелдік ЖОО-мен серіктес бірлескен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүзеге асыру үшін онлайн режимінде шығармашылық ынтымақтастықты жүзеге асыру мақсатында «Көлік, энергетика және ақпараттық технологиялар дамуының өзекті аспектілері» атты Халықаралық Ғылыми-практикалық конференция өткізілді. (бейнеконференция форматында)

Алғашқы сөзді Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыс жөніндегі проректоры, химия ғылымдарының докторы, профессор Бурахта Вера Алексеевна сөз бастады.

 Конференцияға «Техника және технологиялар» кафедрасының меңгерушісі, PhD докторы Захаров Виктор Павлович, Ю.А. Гагарин атындағы Саратов мемлекеттік техникалық университетінің «Электроэнергетика және электротехника» кафедрасының профессоры, техника ғылымдарының докторы Артюхов Иван Иванович, Самара мемлекеттік технологиянық университетінің «Есептеу техникасы» кафедрасының доценті, техника ғылымдарының кандидаты Пугачев Анатолий Иванович, кафедраның доценті, PhD докторы Биниязов Абзал Максутович, Ю.А. Гагарин атындағы Саратов мемлекеттік техникалық университетінің «Электроэнергетика және электротехника» кафедрасының аспиранттары Молот Светлана Викторовна, Кожинская Алиса Васильевна, кафедраның аға оқытушылары – Ербаев Ербол Тулегенович, Дюсекенов Ерлан Курмангалиевич, Кажияхметова Айнур Ароновна, Сарсенбаева Лунара Хаберовна, Елешова Айсауле Орынгалиевна, Тлеушова Айжан Утегеновна, Утешева Гульнара Шаукатовна қатысты.

Конференцияда ақпараттық технологиялар, энергетика және көлік саласындағы мәселелер қозғалды.

Конференция достық және шығармашылық атмосферада өтіп, әріптестер арасында кәсіби тәжірибе алмасу жүргізілді.

Конференция соңында шетелдік жоғары оқу орындарының ғалымдары қатысушылардың сертификаттарымен, сондай-ақ СМТУ басшылығына алғыс хаттармен марапатталды.

Мекен-жай
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 208
    reception@wkitu.kz