Осы аптада тілдер және менеджмент факультетінде оқытушы-профессорлар құрамы үшін Жергілікті басқару және әлеуметтік технологиялар ғылымдары академиясының (Мәскеу қ. РФ) ұйымдастыруымен «Қазіргі заманғы қең көлемді жүйеде басқару үлгілері» атты тақырыпта семинар өтті.
Семинарды РФ Президенті жанындағы халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясының мемлекеттік және муниципальды басқару кафедрасының профессоры әлеуметтану ғылымдарының докторы В.И.Патрушев жүргізді.
Тыңдаушылар Ресей Федерациасы және Қазақстандағы нақты жағдайларды талдап, қең көлемді жүйедегі басқарудың өзекті сұрақтарын қарастырды.
Семинарға қатысушылар осы жылғы Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдығы және 20-ші наурызда өткізлетін еліміздің жоғары заң шығарушы органдарының сайлауы тұрғысындағы қаралатын сұрақтардың маңыздылығын атап өтті.
Семинар аяқталғаннан кейін тыңдаушыларға сәйкес сертификат берілді.

