БҚИТУ профессоры, тарих ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің құрметті қызметкері С.Б.Құрманалин 2023 жылдың 20 қазаны күні Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті ұйымдастырған «Қазақстанның XVII-XIXғғ тарихының өзекті мәселелері: қазіргі ұстанымдар мен көзқарастар» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның пленарлық отырысында баяндама жасады. Ғылыми баяндама тақырыбы: «Қазақ халқының отаршылдыққа қарсы көтерілістері: өзара байланыстылық мәселесі». Аталмыш конференцияға Түркия, Ресей елдерінің және отандық жоғары оқу орындарының тарихшы-ғалымдары қатысып, өздерінің мазмұнды баяндамаларын ұсынды. Пленарлық отырыста спикерлер отандық хронологияға сәйкес отандық тарихтың өзекті мәселелеріне тоқталды. Қазақ халқының осы кезеңдегі тарихын зерттеудегі ұстанымдар мен жаңа көзқарастарды талқылады.

