2018 ж. 3-4 сәуірде Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде 5В070800-Мұнай-газ ісі мамандығы бойынша X Республикалық пәндік олимпиада оздырылды.

Пәндік олимпиада 2 кезеңде: тест тапсырмаларын орындау және практикалық есептер шығару бойынша өткізілді. Әр кезең бойынша қатысушыларға тапсырмаларды орындау үшін 2 сағаттан уақыт берілді. Нәтижелерді бағалау кезінде, студенттердің арнайы пәндер бойынша теориялық және практикалық білімдерімен қатар, тапсырмаларды орындау шапшаңдығы да ескерілді.

Олимпиадаға қатысушылардың жұмыстарын Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің жетекші мамандарынан құралған сараптамалық комиссия бағалады.

Жалпы олимпиадаға еліміздің 7 жоғары оқу орынынан: К. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінен, С. Баишев атындағы Ақтөбе университетінен, Ш. Есенов атындағы технология және инжиниринг Каспий мемлекеттік университетінен (Ақтау қаласы), Каспий қоғамдық университетінен (Алматы қаласы), Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінен, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінен және Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінен барлығы 18 студент қатысты.

Пәндік олимпиадаға біздің университетімізден, аға оқытушы Гүлмира Ермұхамбетқызы Калешеваның жетекшілігімен НД-32 топ студенттері Кияшевская Елена мен Мусиева Оксана қатысты.

Олимпиаданың қортындысы бойынша Елена Кияшевская жүлделі 3-орын алып, мақтау грамотасымен марапатталды.

Олимпиадаға қатысқан қалған студенттерге, жетекшілеріне және ЖОО ректорларына алғыс хаттар табысталды.

Біздің студенттерімізді жеңістерімен құттықтап, тек биіктерден көрінулеріне тілек білдіреміз.

                                                                                Техника және технологиялар кафедрасы

Мекен-жай
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 208
    reception@wkitu.kz