2023 жылдың 8 желтоқсан күні сағат 10.00-де Ж.Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының конференция залында «Зорлық – зомбылыққа жол жоқ» атты дөңгелек стол өткізілді.

Ақпарттық сағатқа Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің құқық кафедрасының аға оқытушы Ж.К. Тулеугалиеваның жетекшілігімен 6В04203 Тасымалдауды, қозғалысты және көлікті пайдалануды құқықтық реттеу БББ білім алушылары қатысты. Облысымыздағы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған дағдарыс орталығының әлеуметтік жұмыс жөніндегі маманы Қожағалиева Жеңісгүл Оразғалиқызы және психолог маманы Жақсымбетова Әсем Закарияқызы шараға қатысушыларға дағдарыс орталығының толық қызметі мен көрсетілетін көмегі туралы, еліміздегі зорлық – зомбылыққа қарсы заң туралы, және осындай жағдайға тап болған кездегі сақтық шаралары туралы үлкен мәлімет берді. Білім алушылар назарына «Зорлық-зомбылықсыз әлем» атты кітап көрмесі қойылып, бейнеролик ұсынылды.

 

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz