Білім алушыларды кәсіби сертификаттау БҚИТУ Салалық технологиялар институты қызметінің маңызды бағыттарының бірі болып табылады. Сертификаттау – бұл маманның жұмыс берушінің талаптарына сәйкес келетіндігіне кепілдік береді. Кәсіби серттификаттау аясында БҚИТУ СТИ Ветеринария және биотехнология ғылыми орталығының базасында 6В09103 «Ветеринария», 7М09101 «Ветеринарлық медицина» білім беру бағдарламасының студенттері мен магистранттары «Ірі қара малды техник-ұрықтандырушы» атты 36 сағат көлемінде курстан өтті. Курс тыңдаушылары оқуды аяқтағаннан кейін «Техник ұрықтандырушы» біліктілігін алды. Курсты «Ветеринария және техносфералық қауіпсіздігі» кафедрасының жетекші профессорлық-оқытушылық құрамы жүргізді. Атап айтқанда: ветеринария ғылымдарының докторы, профессор Байтлесов Е.У., биология ғылымдарының докторы, профессор Қанатбаев С.Г., в.ғ.к., қауымдастырылған профессор Днекешев А.К.
Оқу үдерісінің табысты болуының негізгі критерийі – түлектердің жұмысқа орналасу деңгейі. Алған практикалық білімдері мен дағдыларының арқасында түлектеріміз құзыретті, еңбек нарығында сұранысқа маман болады деп сенеміз.


