1-желтоқсан дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күнінне орай 2024 жылдың 26 қараша күні Педагогика және психология кафедрасының аға оқытушысы В.Е.Нурмуканбетова ұйымдастыруымен институттың тәрбие жоспарына сәйкес  6В01101-Педагогика және психология, 6В03101-Психология, 6В01201-Мектепке дейінгі оқыту және тәрбилеу білім беру бағдарламалары студенттеріне «Өзіңді өмір үшін сақта!» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелге Жастар орталығының мамандары эпидемиолог дәрігері Джангалиева Жадыра Алмабековна және психолог маманы Искакова Айгерим Суинжановна, медициналық қызметкері Суттибаев Тайман Сариевич қатысып АҚТҚ/ЖИТС туралы жаһандық хабардарлықты арттыру, індетке қарсы күресте қоғамның күш-жігерін жандандыру және  АҚТҚ/ЖИТС-тың таралуының алдын алу бағдарламаларын қолдауға, оқуды ұйымдастыруға және АҚТҚ/ЖИТС-тың барлық аспектілері бойынша ақпараттар берді. Шара барысында аранайы  видеороликтер мен презентация көрсетіліп, студенттер өз пікірлерімен алмасты, оларға ақпараттық білім беру материалдары, үнпарақтар таратылды.

Мекен-жай
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 208
    reception@wkitu.kz