2024 жылғы 26 қарашасында құқық кафедрасында 6В04202 Құқықтану білім беру бағдарламасының білім алушыларымен «Жалпыға міндетті декларация тапсыру маңыздылығы» тақырыбы бойынша БҚО Орал каласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының мемлекеттік корсетілетін кызмет болімінің бас маманы Кажимова Ардақ Алтаевнамен қонақ дәріс өткізілді.
Кездесу барысында білім алушылар арасында парасаттылық идеологиясын насихаттау және сыбайластықтың алдын алу, 2024 жылға дейін кезең-кезеңімен енгізілетін «Жалпыға міндетті декларация тапсыру» маңыздылығын, адалдықтың, мамандығын сүюдің, адал еңбекпен нан табудың сыбайлас жемқорлықты қабылдамаудағы маңызды рөлі атап өтілді.
Қонақ дәрісте «Жеке тұлғаның мүлік, жер, көлік құалдары салықтары және «Жалпыға бірдей декларациялау» сонымен бірге «E-Salyq Azamat» мобильді қосымшасынының тиімділігі жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, білім алушылардың сұрақтарына жауаптар берілді


