Біздің ЖОО түлектерінің басым бөлігі жұмыс берушілер табысты жұмысқа орналасу үшін қажетті деп санайтын заманауи талаптарға сәйкес келеді.

Табысты жұмысқа орналасудың жарқын мысалдарының бірі – “Технологиялық машиналар мен жабдықтар” Білім беру бағдарламасының 2015 жылғы түлегі Гулаженко Антон Геннадьевич. Оқуды аяқтағаннан кейін бірден мұнай-газ саласына маманданған кәсіпорында инженер-конструктор болып жұмысқа орналасты. Өзін білікті маман ретінде көрсете отырып, Мәскеу қаласында орналасқан “РОСАТОМ” Ресей мемлекеттік корпорациясының филиалында жетекші инженер лауазымына шақырылды. Перспективалық әзірлемелер тобының құрамында ол дизайнды автоматтандырумен айналысады.

Университет қабырғасында алынған теориялық білім мен практикалық дағдылар Антон Геннадьевичке мұнай – газ, кеме жасау, азаматтық құрылыс және ақырында энергетика сияқты салаларға мамандандырылған кәсіпорындарда өзін сәтті көрсетуге мүмкіндік берді.

Мекен-жай
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 208
    reception@wkitu.kz