ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитетімен жасалған  2022 жылғы 18 қазандағы №256/30-22-24  Шарт негізінде Гранттық қаржыландырылған «Цифрлық білім беру технологияларын интеграциялау негізінде жоғары білім берудегі аралас оқытудың педагогикалық дизайны» тақырыбы бойынша Ғылыми жобаны іске асыру барысында монография, оқу және әдістемелік құралдар әзірленіп, баспадан шығарылды.

Ғылымды насихаттау, ғылыми жобаның нәтижелері туралы ақпаратты тарату мақсатында БҚИТУ Білім және менеджмент институтының кітапханасына әрқайсысы 5 (бес) данадан тұратын келесі жұмыстар өтеусіз берілді:

-“Цифрлық білім беру технологиялары негізінде аралас оқытудың ғылыми негіздері” монографиясы, С.М.Бахишеваның жетекшілігімен жобаның зерттеу тобының авторлық ұжымы құрастырған.

-С.М.Бахишева, А.М.Кемешованың авторлығымен шыққан «Аралас оқытудың дидактикасы» оқу құралы.

-«Цифрлық білім беру технологиялары негізінде ЖОО-да аралас оқыту» әдістемелік құралы, авторлары – Ж.С. Қажиақпарова және Р.С.Кинжекова.

– З.Ғ.Мұхтар авторлығымен шыққан «Аралас оқыту әдістемесі мен технологиялары» оқу құралы.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz