2022 жылдың 9 желтоқсанында «Табыс тарихы» мотивациялық жобасы «Атамекен» Кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп кәсіптік бағдар беру аясында Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің студенттеріне қонақтық дәріс өткізді.

Мұндай мотивациялық алаңдардың басты мақсаты – болашақ мамандарды ынталандыру және шабыттандыру, олардың өмірде биік белестерді бағындыруға және дәл сондай кәсіпкер және табысты болуға деген құштарлығын ояту.

Батыс Қазақстан облысының белгілі және табысты кәсіпкерлері, блогерлер «Geona» есік орталықтарының және басқа да бірқатар бизнестін негізін салушылар Асланбек пен Гүлзезім Әминовтар және «ECO ОБУВЬ», «5store» негізін қалаушылар Сарман мен Гүлмира Минасовтар студенттердің алдында табыстарының сырларымен бөлісіп, заманауи бизнес туралы әңгімеледі.

Кездесу жанды байланыс форматында өтіп, әркім өз сұрақтарын қойып, келген қонақтардан жан-жақты жауап ала алды.

Ұйымдастыру және тәрбие бөлімі

Мекен-жай
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 208
    reception@wkitu.kz