Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті Салалық технологиялар институтының Энергетика, автоматтандыру және есептеу техникасы кафедрасы «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында оқу корпусы аумағын қардан тазалау жұмыстарын ұйымдастырды.
Іс-шара 2026 жылғы 26 ақпан күні сағат 12:00-де Ихсанова көшесі 44 мекенжайында орналасқан оқу корпусының аумағында өтті.
Экологиялық акцияға кафедра студенттері мен эдвайзерлері белсенді қатысып, университет аумағында қауіпсіз әрі қолайлы орта қалыптастыруға өз үлестерін қосты. Іс-шараның негізгі мақсаты — экологиялық мәдениетті қалыптастыру, тазалықты сақтау және жастар арасында экологиялық жауапкершілікті арттыру.