Қазіргі уақытта әлемде интернет-алаяқтық, ойынқұмарлық және есірткі тасымалдау тақырыбының өзектілігі күн сайын артып келеді, осыдан зардап шеккендердің осы тақырыптар туралы хабарсыз болғандықтан және де сондай жағдайға тап болған кезде, қалай жауап беру керектігін және не істеу керектігін білмейтін адамдар болып табылады. Осыған байланысты, 2024 жылдың 8 ақпан күні Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің Білім және менеджмент институтында «Жастар арасында интернет алаяқтық, лудомания және есірткі тасымалдау әрекеттерін ескерту және алдын алу» тақырыбында университеттің тәрбие ісі жөніндегі проректоры Абекешев А.И., институттың тәрбие ісі және әлеуметтік мәселелері жөніндегі департамент жетекшісінің м.а. Нурманова А.И. дәрістер өткізді. Тікелей осы мәселелермен айналысатын және осы сұрақтар төңірегінде үлкен тәжірибелері бар Орал қаласы Абай полиция басқармасының Жергілікті полиция кызметі бөлімшесі бастығынын орынбасары полиция майоры Спашев Самат Абатұлы, криминалдык полиция бөлімінін бастығы полиция майоры Агелеуов Амиржан Қонысұлы шақырылды. Білім және менеджмент институтында 4 қонақ дәріс сағаттары өткізілді, онда 18 академиялық топ, 416 студент қатысты. Дәрістер өте қызықты өтті, студенттер көптеген сұрақтар қойып, кері байланыс берді. Оларға қонақтар тарапынан алаяқтармен, лудоман және т.б. проблемаларды болдырмау үшін толық жауаптар мен нұсқаулар берілді.