Бүгін облыс көлемінде діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға бағытталған маңызды іс-шара – “Жастар қалқаны – 2025” байқауы оздырылды.
Турнирге өңіріміздегі 4 жоғары оқу орнының студенттері қатысып, өз білімдері мен шешендік қабілеттерін ортаға салды. Пікірсайыс тақырыбы: “Қазақстан қоғамында діни экстремизмнің алдын алу үшін білім беру жүйесі түбегейлі өзгеруі керек пе?”. Бұл тақырып аясында студенттер қоғамдағы өзекті мәселелерді қозғап, өз көзқарастарын ашық білдірді.
Айта кету керек, байқау тек пікірсайыспен шектелмей, 3 түрлі бағыт бойынша ұйымдастырылды:
- “Үздік мақала” байқауы
- “Үздік видеоролик” байқауы
- Пікірсайыс турнирі
Әр бағыт бойынша үздіктер анықталды:
- Пікірсайыс турнирінде «Линкольн Дуглас» БҚИТУ құрама командасы III-ші орынға иеленді.
- “Үздік мақала” байқауында – Дүйсенғалиев Айдос (Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті, Білім және менеджмент институтының 2 курс студенті) діни экстремизмге қарсы ойлы, сараптамалық мақаласы қазылар-алқасының шешімімен I-орынға иеленді.
- “Үздік видеоролик” байқауында – Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті, мазмұнды әрі креативті бейнеролик дайындап қазылар-алқасының шешімімен жүлделі 1 орынға иеленді. Барлық жеңімпаздар дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Бұл турнир – жастардың сыни ойлауын дамытуға, діни радикализмге қарсы иммунитет қалыптастыруға және бейбіт көзқарасқа тәрбиелеуге арналған маңызды қадам.
“Жастар қалқаны – 2025” байқауына қатысып, жүлделі орындарға ие болған Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің студенттерін құттықтаймыз.