6В07104 – «Технологиялық машиналар және жабдықтар (салалар бойынша)» білім беру бағдарламасының білім алушысы Амандықова Анастасия 2026 жылғы 8 мамырда Уфа қаласында өткен «Fundamental and Applied Approaches to Solving Scientific Problems» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысып, I дәрежелі дипломмен марапатталды.
Қазылар алқасының жоғары бағасына «Мәжбүрлі жем айналымы бар шнекті мөлшерлегіштің параметрлерін оңтайландыру» тақырыбындағы ғылыми жұмыс ие болды. Зерттеу жемді мөлшерлеу технологияларын жетілдіруге және ауыл шаруашылығы жабдықтарының тиімділігін арттыруға арналған.
Ғылыми жұмыс «Көлік және технологиялар» кафедрасының PhD, қауымдастырылған профессоры Кажияхметова А.А. және техника ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессоры Чурикова Л.А. ғылыми жетекшілігімен орындалды. Конференция қорытындысы бойынша автор «Үздік ғылыми мақала» номинациясы бойынша I дәрежелі дипломмен марапатталды.
Бұл жетістік жас ғалымдардың жоғары дайындық деңгейін, ғылыми қызметті дамытуға деген ұмтылысын және аграрлық салаға заманауи инженерлік шешімдерді енгізуге қосқан үлесін көрсетеді.
Анастасияны және оның ғылыми жетекшілерін лайықты жеңісімен құттықтаймыз және ғылыми әрі кәсіби қызметтеріне толағай табыс тілейміз!