30 Қарашада қонақ дәріс жоспарына сәйкес Орал қаласының «Батыс қазақстан АЭЖК» ЖШС өндірістік бөлімінің басшысы Аскар Иманкулович Күлшаровпен кездесу өтті. Кездесу «Энергетика, автоматтандыру және есептеу техникасы» кафедрасының білім алушылары үшін ұйымдастырылды. 

Аскар Иманкулович өз баяндамасында кәсіпорынның ұйымдастырылу тарихын, ЖШС қызметі туралы, қала мен облыстың энергетикалық жүйесін дамыту мәселелері мен перспективалары туралы айтып берді. Облыстағы электр желілерінің тозуы 80 пайызды құрайды. Желілерді жөндеуге жыл сайын ақша бөлінеді, бірақ бұл жеткіліксіз. Электр жабдықтарын ауыстыруды және қайта құру қажеттілігі туралы атап өтті.

Білім алушылар А. И. Құлшаровтың баяндамасын қызығушылықпен тыңдап, сұрақтар қойып, қонақтың қойған сұрақтарына жауап берді. Шақырылған қонақтың баяндамасы пікірталас түрінде, қызықты өтті.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz