Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінде Қазақстан Республикасы Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы республикалық референдум бойынша түсіндіру-ақпараттық жұмыстары жалғасуда.

2022 жылғы 5 маусымда өткiзiлетін республикалық референдум аясында Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінде 28 мамыр күні Референдумды қолдау бойынша  ҚР Парламент Сенатының депутаты, экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің мүшесі Рысбекова Ләззат Тұяқбайқызы білім ордасының профессор-оқытушылар құрамы, студенттермен кездесу өткізді.

Жиын барысында білім ордасының оқытушылары мен студенттеріне референдумның маңызы түсіндіріліп, толық ақпарат берілді.

БҚИТУ тәрбие және ұйымдастыру бөлімі

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz