Баршаңызды жаңару мен жасампаздықтың мерекесі, жақсылықтың жаршысы Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз!
Бұл күндері бар адамзат табиғат пен адамның жаңа өмірінің басталуын білдіретін Жаңа жылдың, Жаңа күннің лебіне масаттанады. Жаңа толқынға ұмтылу, жаңа белестерді еңсеруге құлшыну бойымыздағы табиғатпен берілген ажырамас қасиет. Сонымен бірге, Наурыз тек шаттыққа толы мейрам емес, сонымен қатар, өткен жылды қорытындылап, болашаққа нық сеніммен қарап, жаңа міндеттер қоятын шақ. Ендеше осынау мереке баршаңыздың ойға алған бар арман-тілектеріңіздің орындалып, жаңа асуларға көз тіккен нәтижелі шаққа айналсын! Әрқайсыңыздың жүрегіңізде өмірге құштарлық, жақсылыққа ұмтылыс пен өз кәсіптеріңізге деген сүйіспеншіліктің жалын лапылдай берсін! Еліміз тыныш, жеріміз аман, аспанымыз ашық болғай! Баршаңызға темірдей денсаулық, шаңырақтарыңызға береке, бақыт пен молшылық тілейміз!
Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz