Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігімен 2024 жылғы 1 қазандағы №428 ПЦФ 24-26 шартына сәйкес іске асырылып жатқан BR24992892 — «Азықтандырудың инновациялық хаттамаларын әзірлеу және төл өсіру технологиясын қарқындату негізінде сүтті ірі қара малдың өнімділігін арттырудың ғылыми негізделген әдістері» ғылыми-техникалық бағдарламасының күнтізбелік жоспарына сәйкес, «Арыстанов» шаруа қожалығында 2026 жылғы 9-10 ақпан аралығында ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілді.
Жұмыстарды келесі құрамдағы топ орындады: ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, Ветеринария және техносфералық қауіпсіздік кафедрасының қауымдастырылған профессоры К.Г. Есенғалиев, Аграрлық-инновациялық технологиялық парктің аға ғылыми қызметкері А.К. Жолдасбеков, университеттің ветеринария магистрі А.А. Ғани, сонымен қатар жұмысқа Жоғары инженерлік-технологиялық колледждің «Ветеринария» мамандығы бойынша ВТ-921 тобының студенттері қатысты.
Ғылыми-зерттеу жұмыстары барысында бұрын қолдан ұрықтандырылған Голштейн тұқымды 18 бас сиырға инновациялық Easi-Scan Go Scanner – Curve ультрадыбыстық сканерін қолдану арқылы гинекологиялық тексеру жүргізілді. Тексеру нәтижелері бойынша сәтті ұрықтанған аналықтарда УДЗ-сканерінің көмегімен ұрықтың құрсақішілік даму деңгейін анықтау бойынша зерттеулер жүргізілді. Сонымен қатар, азықтандыру процесінің Голштейн тұқымды сиырлар үшін бекітілген хаттамаларға сәйкестігі тексеріліп, мал қораларындағы микроклиматқа мониторинг жасалды.