2026 жылдың 20-ақпанында қаржы және экономика кафедрасының 1-курс эдвайзері Д.С.Тогашеваның ұйымдастыруымен Ф – 111, ГМУ – 111, УА – 111, ЭК – 111 топ білім алушыларының Сәкен Ғұмаров музей-үйіне экскурсиясы оздырылды.
Экскурсия барысында студенттер Сәкен Ғұмаровтың өмір жолы, шығармашылығы туралы, экспозициядағы жәдігерлер арқылы суретшінің ішкі жан дүниесі, заманмен байланысы, шығармашылық ізденістері туралы көптеген тың мәліметтер алды.
Музей қызметкерлері студенттерге әр туындының тарихын қызықты әрі түсінікті түрде баяндап, сұрақтарына жауап берді.
Саяхат білім алушылар үшін тек танымдық қана емес, тәрбиелік мәні зор тәжірибе ретінде ұлттық өнерге құрмет, шығармашылыққа қызығушылық оятар алаңға айналды. Білім алушылар «Ақжайық» телеарнасының «Жетінші аймақ» бағдарламасына суретшінің туындыларынан алған әсерлерімен бөлісіп сұхбат берді.


