18.09.23 ж. БҚИТУ құқық кафедрасында 6В04202 «Құқықтану» білім беру бағдарламасы бойынша білім алушыларға «Криминалистикалық полигон» оқыту функционалын қолдану арқылы тәжірибеге бағдарланған сабақ өткізілді.

Тәжірибеге бағытталған сабақ “Қылмыстық құқық бұзушылықтарды тергеу теориясы мен практикасы”пәні бойынша өткізілді. Сабақ барысында, оқиғаның нақты орнына барынша жақын жағдайларда білім алушылар өмірге және денсаулыққа қарсы қылмыс жасалған жерді қарау түрінде шұғыл тергеу әрекеттерін жүргізуді үйренді. Кафедраның қауымдастырылған профессоры – Арман Әбдірашитұлы қылмыс іздерін анықтау, бекіту және алу әдістері бойынша қолдану ережелерін, сондай-ақ олардың қылмыстық процесте дәлелдемелер ретінде одан әрі қолдануға жарамдылығын анықтау параметрлерін көрсетті. Студенттер сондай-ақ күдіктінің және жәбірленушінің жеке басына қатысты өзге де ақпаратты жинау қағидаттарын, тергеу үшін маңызды ақпараты бар куәгерлер мен тұлғаларға сауалнама жүргізу қағидаларын меңгерген.

 

Мекен-жай
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 208
    reception@wkitu.kz