2025 жылғы 4 қарашада кафедраның кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізу кестесіне сәйкес Орал қаласының № 2 ЖОББМ жоғары сынып оқушыларымен кездесу өткізілді.
Кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізу барысында университеттің білім беру бағдарламалары туралы мәліметтер ұсынылды.
Құқық кафедрасының аға оқытушысы Г.К.Куатбек университеттің шетелдік жоғары оқу орындарымен халықаралық ынтымақтастығы шеңберінде студенттердің шетелде тағылымдамадан өту мүмкіндігіне, студенттік өзін-өзі басқару ұйымының жұмысына ерекше назар аударды.
Г.К.Куатбек оқушыларды заңгерлік білім алу мүмкіндіктерімен, мамандықтың келешегімен және құқықтану саласындағы мамандардың сұранысымен таныстырды.

