2025 жылғы 14 ақпанда кафедраның кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізу кестесіне сәйкес Орал қаласының БҚ «АТиСО» академиялық колледжіне кездесу өткізілді.
Кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізу барысында университеттің білім беру бағдарламалары туралы мәліметтер ұсынылды.
Уиверситеттің шетелдік жоғары оқу орындарымен халықаралық ынтымақтастығы шеңберінде студенттердің шетелде тағылымдамадан өту мүмкіндігіне, студенттік өзін-өзі басқару ұйымының жұмысына ерекше назар аударды.
Құқық кафедрасының аға оқытушысы А.К.Отеуова оқушыларды заңгерлік білім алу мүмкіндіктерімен, мамандықтың келешегімен және құқықтану саласындағы мамандардың сұранысымен таныстырды.