Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінің Құқық кафедрасының білім алушылары жастарды жұмыспен қамтуға және еңбек нарығындағы мүмкіндіктер туралы ақпараттандыруға бағытталған «Бос жұмыс орындары» жәрмеңкесіне қатысты.
Іс-шара барысында білім алушылар болашақ мамандығы бойынша жұмысқа орналасу мүмкіндіктерімен танысып, жұмыс берушілермен тікелей байланыс орнатты. Сонымен қатар, еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар, бос жұмыс орындары және кәсіби практикадан өту мүмкіндіктері туралы ақпарат алды. Аталған іс-шараға Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінің 6В04202 – «Құқықтану» білім беру бағдарламасының бітіруші студенттері – ЮР-41О, ЮР-45О, ЮР-42О топтары және олардың эдвайзерлері қатысты.
Жәрмеңке барысында студенттер болашақ мамандығы бойынша жұмысқа орналасу мүмкіндіктерімен танысып, жұмыс берушілермен тікелей байланыс орнатуға мүмкіндік алды. Сонымен қатар, еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар, бос жұмыс орындары, кәсіби және оқу-өндірістік практикадан өту мүмкіндіктері туралы ақпараттар берілді.


