Жұмыссыздық деңгейін төмендету және жастарды жан – жақты қолдау мақсатында-мемлекеттің басты міндеттерінің бірі жастарды жұмысқа орналастыру мақсатында Бос орындар жәрмеңкесін ұйымдастыру болды.

2026 жылғы 30 қыркүйекте Орал қаласы әкімдігінің “Орал қаласының жастармен жұмыс жөніндегі ақпараттық-талдау және ресурстық орталығы” КММ-мен бірлесіп “БҚО әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының” еңбек ұтқырлығы орталығы” КММ “Орал қаласының Карьер орталығы” КММ-нің “Орал қаласының Карьер орталығы” ғимаратында Бос орындар жәрмеңкесі мен Ашық есік күнін ұйымдастырды және өткізді Құрманғазы көшесі, 173а.

Аталған іс-шараға Орал қаласы мен облыстың 25-тен астам кәсіпорындары мен мекемелері шақырылды, олар біздің сұранысқа ие білім беру бағдарламаларымыз үшін бос орындарды ұсынды: 6В04202-Құқықтану, 6В07201-Мұнай-газ ісі, 6В07102-Электр энергетикасы, 6В07101-Көлік, көлік техникасы және технологиялары, 6В11201-Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау, 6В07104 – Технологиялық машиналар мен жабдықтар, 6В07301-Сәулет, 6В07302-Құрылыс, 6В09103-Ветеринария және 6В06104-Есептеу техникасы және ақпараттық жүйелер.

Облыстың кәсіпорындары мен мекемелерінде кәсіптік практикадан өту саласындағы ынтымақтастықтан басқа, білім алушыларды нақты жағдайларда мамандық бойынша жұмысқа практикалық даярлауға ықпал ете отырып, түлектерімізді жұмысқа орналастыру бойынша тығыз қарым-қатынас орнатамыз.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz