17 сәуір күні БҚИТУ мен БҚО бойынша ҚАЖ департаменті арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум аясында 6В04202 Құқықтану білім беру бағдарламасының ЮР-32О, ЮР-33О топтарының студенттері үшін «Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару құқығы» пәнін оқитын білім алушыларға арналған №74 ҚАЖ мекемесінде практикалық-бағдарланған сабақ өткізілді.
«Аралас қауіпсіздік мекемелеріндегі ұстау режимі және жазаны өтеу тәртібі» тақырыбы бойынша студент-юристтерге арналған сабақ мекеме қызметкерлерімен бірлесіп, сондай-ақ құқық кафедрасының қауымдастырылған профессоры, заң ғылымдарының кандидаты Рахметов Т.Х.-ның қатысуымен өткізілді.
Алдымен акт залында мекеме Ардагерлер кеңесінің төрағасы Аширепов К.С. білім алушыларға осы бөлімшенің тарихы туралы айтып берді. Бүгінде бұл нысан Қазақстандағы сәулет ескерткіші болып табылады. Тергеу изоляторының ғимараты XVIII ғасырда итальяндық құрылысшылармен салынған. Құрылыста қолданылған материалдардың сапасы мен атқарылған жұмыстардың жоғары деңгейі оның бүгінгі күнге дейін өз функцияларын атқаруына және қамаудағылардың бірде-бір қашу оқиғасының болмауына мүмкіндік беріп отыр. Мұражайда мекеменің техникалық жобалары, бөлімшенің өткен жылдардағы фотосуреттері көрсетілді. Білім алушылар мекемеде қызмет атқарған қызметкерлер буындарымен, соның ішінде Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагерлермен танысты, сондай-ақ облысымыздағы ҚАЖ тарихы туралы жаңа кітаппен таныстырылды.
Мекеме басшысының орынбасары, әділет подполковнигі Ахметкалиева Л.К. және жауапты қызметкерлер сабаққа қатысушыларды тергеудегі қамауға алынғандар мен сотталғандардың мекемеге қабылдану және шығу тәртібімен, ішкі режиммен және күн тәртібімен, олардың құқықтары мен міндеттерімен, медициналық, санитарлық және әлеуметтік қамтамасыз етілуімен таныстырды. Контингент орналасқан камералар көрсетіліп, олардың екі күндік ас мәзірімен таныстырылды, мәзірі алуан түрлілігімен ерекшеленді.Студенттер пән бойынша теориялық білімдеріне қатысты мекеме қызметкерлерінің сұрақтарына жауап берді.
Бұл жұмыс берушілер базасындағы сабақ студенттердің алған теориялық білімдерін тәжірибеде бекітуге мүмкіндік береді. ҚАЖ қызметкерлері білім алушылардың барлық сұрақтарына жауап беріп, оларға оқуында сәттілік тіледі және практикадан өтуге, сондай-ақ оқуын аяқтағаннан кейін осы бөлімшеде қызмет етуге шақырды. Қауымдастырылған профессор Рахметов Т.Х. да ҚАЖ қызметкерлеріне өткізілген мазмұнды іс-шара үшін алғысын білдіріп, оларға денсаулық пен қызметте табыс тіледі.