Бүгін 6В04202 Құқықтану білім беру бағдарламасының білім алушылары және топ эдвайзерлері құқықтық тәрбиенің бір тармағы ретінде патриоттық тәрбие беру мақсатында отандық кино өнімін көрсету үшін кинопаркке барды. Патриоттық рухты көтеретін, адалдық, әділеттілік ұғымдарының мәнін ашатын ұлттық құндылықтарды, отбасылық құндылықтар мен құқықтық тәрбиені дәріптейтін «Капитан Байтасов» кинофильмі білім алушыларға өте қатты ұнады. Болашақ заңгерлерге құқық қорғау қызметтерінің қоғамда қаншалықты маңызды екендігін түсінуге ықпал етті. Бұл үрдіс болашақтада өз жалғасын табады деген ойдамыз.