19 қыркүйек күні Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің педагогикалық факультет студенттеріне ақпарат беру мақсатында «Академиялық ұтқырлық – көпжақты білім алу жолындағы сенің мүмкіндігің» атты кездесу өткізілді. Студенттерге академиялық ұтқырлық және оның түрлері, серіктес жоғары оқу орындары, қажетті құжаттар тізімі туралы мәліметтер айтылды. Қойылған сұрақтарға жауап берілді.